ВКонтакте "Қазақстан" лентасын іске қосты

ВКонтакте "Қазақстан" лентасын іске қосты

ВКонтакте әлеуметтік желісі қазақстандық жаңалықтар лентасын іске қосқанын хабарлады. Мұнда қолданушылар коронавирус туралы сенімді ақпаратты, жергілікті БАҚ жарияланымдарын, қазақстандық артистердің шығармашылығына қатысты анонсты, блогерлер материалын оқи алады.

Лента Қазақстан тұрғындарына арнайы жасалған. Қазірден бастап қолданушылар қосымшадан да, десктоп нұсқадан да лента ақтара алады.

Қазір "Қазақстан" лентасында ресми БАҚ пен танымал жұлдыздардың посттары бар. Болашақта бұл лентада кез келген автордың жазбасы пайда болуы мүмкін. Ол үшін автор бірегей, қызық контент жасап, іріктеуден өтуі керек. "Қазақстан" лентасына енуге авторлар мен топ әкімшілері мына форманы толтырып, өтініш бере алады.

"Бұл лента коронавирус туралы, ел жаңалықтары туралы ақпарат тарататын беделді лентаға айналады. Сонымен бірге лентада қызық контент те ұсынылады", - дейді ВКонтактенің Қазақстандағы өкілі Олжас Салмурза.