1 маусымнан бастап нелер ашылады?

1 маусымнан бастап нелер ашылады?
Фото: yandex.kz

1 маусым – Қазақстандағы карантин режімін жеңілдетудің алғашқы қадамдары жасалатын уақыт. Маусым айының басынан бастап қандай нысандар мен кәсіпорындар ашылып, санитарлық талапта қандай өзгерістер болатынын хабарлағанымыз жөн.

1. Ең алдымен, еліміздің барлық аумағындағы блокбекеттер ашылады. Енді қаладан-қалаға, ауылдан-ауылға қатынауға болады.

2. Балабақшалар жұмысын бастайды. 15 баладан аспайтын қосымша білім беру ұйымдары да есігін ашпақ.

3. Ғылыми-зерттеу институттарының және ғылыми орталықтардың жұмысы жанданады.

4. Финтес және SPA орталықтарының қызметі қайта жанданады.

5. Спорт және мәдениет объектілері көрерменсіз жұмыс істей бастайды. 

6. Қазақстанның облыс орталықтары мен ірі қалаларына темір жол тасымалдары, сондай-ақ өңіраралық автобуспен жолаушылар тасымалы қайта жаңғыртылады.

ҚР Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсының хабарлауынша, жолаушыларды тасымалдау қатаң түрде Денсаулық сақтау министрлігінің бекітілген санитарлық талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Теміржол және автовокзалдарда бекітілген талаптардың орындалуы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерінің бақылауында болады.

Қ. Слямбек