Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Балалардың эмоционалдық дамуы. i-balaqai жобасында Виктория Шиманская

Балалардың эмоционалдық дамуы. i-balaqai жобасында Виктория Шиманская

Балалардың эмоционалдық дамуы. i-balaqai жобасында Виктория Шиманская

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская балалардың эмоционалдық дамуы, баланың эмоциясын түсінуі және үйрету туралы айтады.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Қонақтар онлайн режимде тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңес береді. Тікелей эфирлер аптасына екі рет жүргізіледі - бейсенбі мен жексенбі.

Бүгін, 21 мамыр сағат 20:00-де Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында психолог "Күніне ерекше 10 минут? Ата-ана баланың бақыт байланысы мен өзіне деген сенімін қалай оятады?" деген тақырыпта әңгіме өрбітеді. 

Эмоциялық интеллектінің дамуы бойынша ресейлік сарапшы Виктория Шиманская - бірнеше кітаптың авторы, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты және Мәскеу психоанализ институтында ұстаз, сондай-ақ soft skills - SKILLFOLIO жобасының авторы. 

Жүргізуші - журналист, "Медиа дамыту қоры" КҚ бас директорының орынбасары Махаббат Есен. 

Сұхбат үзіндісін Tengrinews.kz сайтынан оқып, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай алады. i-balaqai жобасы аясында подкаст, пайдалы мақалалар мен видеолар шығады. 

Сондай-ақ видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасында көруге болады. 

i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.

i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымында педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили әке мен баланың қарым-қатынасы, әйел адамға деген махаббат жайында әңгіме өрбітті. Шалва Амонашвилидің ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили "көктегі махаббат" жайлы айтты. Психолог Александр Колмановский жанұядағы дағдарыс пен жанжал мәселесін қозғады. Жазушы Наталья Ремиш балалардың қорқынышы, эмпатия және мультфильмдер туралы айтты. Педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер мектептегі бағалар, буллинг пен бала кездегі жарақаттар туралы айтты. Ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис Миллениалдардың Хоумлендерлерден айырмашылығы туралы сөз қозғады.

 
0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Massaget
Қосылған күні: 21 мамыр, 12:24

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->