Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Жанұядағы ұрпақтар сабақтастығы. i-balaqai жобасында Евгения Шамис

Жанұядағы ұрпақтар сабақтастығы. i-balaqai жобасында Евгения Шамис

Жанұядағы ұрпақтар сабақтастығы. i-balaqai жобасында Евгения Шамис

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис жанұядағы байланыс туралы айтады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жоба серіктесі  Altel ұялы байланыс операторы. Ақпараттық серіктес  "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Тікелей эфирлер аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі өтеді.

Бүгін, 14 мамыр сағат 20.00-де Instagram желісіндегі Tengrinews.kz парақшасында Евгения Шамис оқырмандардың сауалына жауап береді. Артынша сағат 20:30-да ол "Жанұядағы ұрпақтар сабақтатығы" туралы айтады. Тікелей эфир Tengri-TV-дің YouTube-арнасында және Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында өтеді. Көкейде жүрген сұрақтарыңызды қоя аласыздар. Оған жауапты тікелей сарапшы береді.

Евгения Шамис – Sherpa S Pro консалтинг компаниясының негізін қалаушы және бас директоры, "RuGenerations  Ұрпақтар теориясы ресейлік мектептің" негізін қалаушы және үйлестірушісі. Сондай-ақ ол "Инновации и кластеры: бизнес-возможности" (Бразилия) халықаралық воркшобының негізін қалаушылардың бірі, "Теория поколений. Необыкновенный Икс", "В семье не без Миллениума. Что делать поколению, которое меняет мир?" трилогиясының авторларының бірі.

Жүргізуші – журналист, "Медиа дамыту қоры" КҚ бас директорының орынбасары Махаббат Есен.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Tengrinews.kz, Massaget.kz сайттарынан, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларында тыңдай алады. i-balaqai жобасы аясында подкаст, пайдалы мақалалар мен видеолар шығады.

i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал психология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психология ғылымдарының кандидаты Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдарын айтып берді.

i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымында педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили әке мен баланың қарым-қатынасы, әйел адамға деген махаббат жайында әңгіме өрбітті. Шалва Амонашвилидің ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили "көктегі махаббат" жайлы айтты. Психолог Александр Колмановский жанұядағы дағдарыс пен жанжал мәселесін және жазушы Наталья Ремиш балалардың қорқынышы, эмпатия және мультфильмдер туралы қозғады. Педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер мектептегі бағалар, буллинг пен бала кездегі жарақаттар туралы айтты.

0
Рейтинг: +0

Фото: tengrinews.kz
Қосылған күні: 14 мамыр, 11:42

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->