Бүгін Tengri Insta-Live эфиріне Darkhan Juzz шығады

Бүгін Tengri Insta-Live эфиріне Darkhan Juzz шығады
Фото: tengrinews.kz

Alash Media Group медиахолдингі мен Pantograph продюсерлік орталығы қолға алған #КвартирникTengri онлайн-концерті жалғасады. Бүгін кешкі сағат 20:00-де Insta-Live эфирге қазақстандық орындаушы Darkhan Juzz шығады.

Карантин кезінде музыкант cпортпен шұғылданып, ағылшын тілін үйренуді қолға алған. Шығармашылығын шыңдап, өзін жаңа қырынан дамытуда.

- Карантинді қала сыртындағы ата-анамның жанында өткізудемін. Достарымды сағынып жүрмін. Қазір қалаға кіру мүмкін болмағандықтан табиғат аясында тынығып, өзімді дамытып, алға жаңа мақсат қоюдамын, - дейді Darkhan Juzz.

Тікелей эфирде өз репертуарындағы әндерді шырқайды.

#КвартирникTengri жобасы COVID-19 инфекциясымен күресу шараларын сақтануға шақыратын әлеуметтік бастама. Бұған дейін жобада Urker тобы, Motor-Roller рок-группасының лидері Ильяс Аутов, әнші Son Pascal және BluesMotel тобы, әнші Ayree, Argymak этно-тобының фронтмені Ринат Рамазанов, "Конец фильма" тобының әншісі Евгений Феклистов, "Украина дауысы" шоуына қатысқан Ерлан Байбазаров мен Индира Еділбаева және т.б. әншілер өнер көрсетті.

Эфирді көру үшін мына сілтемеге өтіп, Tengri аккаунтына жазылсаңыздар болады. Концерт уақытын өткізіп алмаңыздар.

Н. Үсенова