42500 теңге қайтарылып жатыр – вице-министр

42500 теңге қайтарылып жатыр – вице-министр
Фото: tengrinews.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау вице-министрі Нариман Мұқышев қазақстандықтардың ТЖ-ға байланысты берілген 42500 жәрдемақыны қайтарып жатқанын хабарлады.

"Маған біршама адам алған қаражаттарын кері қайтаруға дайын екенін айтып хабарласып жатыр. Қаржыны қайтару үшін төмендегі реквизиттерді осы жерге қалдырамын:

Бенефициар: «Азаматтарға арналған үкімет» ҰАҚ»
Бенефициар БСК: GCVPKZ2A
ЖСК: KZ67009SS00368609110
БСН: 160440007161
БеК: 11
ТТК: 049",- делінген хабарламада.

ТЖ-ға байланысты вице-министр бұл операцияны банктердің мобильді қосымшасы арқылы жасауды ұсынды. Кей банктер заңды есепшоттарға қаражат аударуға рұқсат берген.

Г. Берік