Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Жазда эпидемия басылмайды - Біртанов коронавирус туралы

Жазда эпидемия басылмайды - Біртанов коронавирус туралы

Жазда эпидемия басылмайды - Біртанов коронавирус туралы

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстандағы коронавирусқа қатысты болжамын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өзге елдердің тәжірибесіне сүйеніп, вирус жұқтырудың негізгі кезеңі сәуірдің ортасы мен мамыр айлары, жалпы эпидемияның шарықтау шегі сәуірдің бірінші жартысы болады деп айтуға болады. Ол кезеңде шамамен 3500 науқас болады деп ойлап отырмыз", - деді Біртанов Facebook желісіндегі парақшасында. 

Денсаулық сақтау министрлігінің сөзінше, карантин шаралары коронавирустың тарауын 28 наурыздағы көрсеткіштен 52 пайыздан 12 пайызға төмендеткен. 

"Алдағы таңда, жаз мезгілінде эпидемиологтар вирус қарқынды төмендеуі мүмкін екенін, бірақ эпидемия толығымен жоғалып кетпейтінін айтады. Сарапшылар эпидемия күзде қайталануы мүмкін екенін болжап отыр", - деді министр. 

Осы секілді болжамдардың айтылып жатқандықтан, қазірдің өзінде коронавирус жұқтырғандар үшін 3920 төсек-орын мен вирусты жұқтыруы мүмкін деген күдіктегі адамдарға 7300 орын дайындалған. Сонымен қатар, ауыр жағдайдағы науқастарға 170 жасанды тыныс алдыру аппараты мен 38 қанның экстракорпоралды мембраналық оксигенация аппараты бар 180 орын дайындалған.  

"Алайда науқастар орта есеппен ауруханада 3-4 апта жататынын және вирус жұқтырғандар саны өсуі мүмкін екенін ескерсек, бізге әлі де қосымша орындар қажет", - деп түсіндірді Елжан Біртанов. 

Еске салайық, бүгін Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 569-ға жетті. Барлығы 36 науқас жазылып шықты, 6 адам өлімі тіркелді. 

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: tengrinews.kz
Қосылған күні: 05 сәуір, 13:52

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->