Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Алматы облысында тіркелген науқастардың бірі – жүкті әйел

Алматы облысында тіркелген науқастардың бірі – жүкті әйел

Алматы облысында тіркелген науқастардың бірі – жүкті әйел

Бүгін, 28 наурыз күні түсте Алматы облысында короновирус жұқтырған тағы 3 жағдай тіркелген болатын. Солардың бірі – Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған алғашқы жүкті әйел.

"Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы үш жағдай облыстың үш ауданында тіркелді. Біріншісі - 1957 жылы туған əйел Іле ауданынындағы провизорлық госпитальда карантинде жатқан болатын. Ол коронавируспен ауырған адаммен байланыста болған. Əйел адамнан анализдер алынды. Талдау қорытындысы бойынша ол Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына ауыстырылды. Екінші жағдай - Жамбыл ауданының тұрғыны, 1997 жылы туған қыз бала 20 наурызда Оңтүстік Кореядан Ие Чоу-Алматы OZ 577 рейсімен ұшып келген. Ал үшіншісі - 1995 жылы туған Қарасай ауданының тұрғыны. Вирус анықталған азаматша жүктіліктің 21-22 аптасында. Сырқаттардың барлығы Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасында ем алуда", - делінген Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ескерте кетейік, 28 наурыз сағат 11:50-де Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 117 адам, Алматы қаласында – 58 адам, Қарағанды қаласында - 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы - 4 адам, Ақмола облысында - 5 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 4 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, жалпы 204 науқас тіркелді.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: freepik.com
Қосылған күні: 28 наурыз, 15:20

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->