Димаш Құдайберген дәрігерлерге алғыс айтты

Димаш Құдайберген дәрігерлерге алғыс айтты

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген басын қатерге тігіп, коронавирус дертімен ауырғандарды емдеп жатқан дәрігер мамандарға зор алғысын айтты. Бұл туралы өнер иесі instagram желісіндегі парақшасында жазды.

- Өзге адамдарға көмектесу үшін басын қатерге тігіп жатқан медициналық қызметшілерге шын көңілден алғыс айтқым келеді. Кеше Қазақстанда екі адам коронавирустан емделгені туралы жаңалық оқыдым. Қазақстандағы және әлемдегі барлық дәрігерлерге басымды иемін", - деп жазды Димаш Құдайберген парақшасына.

Сондай-ақ әнші дәрігер мамандардың еңбегі үлкен құрметке лайық екені туралы жазып, жалақыларын көтеру жайын да жазды.

- Әншілер мен кино жұлдыздары әрдайым қошеметке ие болады, бірақ менің көзқарасым бойынша – дәрігерлер одан да зор құрметке лайықты. Еліміздегі барлық дәрігердің жалақысы көтерілсе жақсы болар еді", - деп жазды ол.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)25 Мар 2020 в 7:23 PDT


Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 88-ге жетті. Оның ішінде екі адам дертінен айықты.  
Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тасбақалар қалайша өзен санитары болып жүр?
Тасбақалар қалайша өзен санитары болып жүр?
Эксперимент: Уикипедияда шағын қалалар туралы жаңа ақпарат туризмге ықпал еткен
Эксперимент: Уикипедияда шағын қалалар туралы жаңа ақпарат туризмге ықпал еткен
Әлем халықтарының ұлттық музыкасы жиналған сайт
Әлем халықтарының ұлттық музыкасы жиналған сайт
Тест: Ағылшынша сленгті қаншалықты жақсы білесіз?
Тест: Ағылшынша сленгті қаншалықты жақсы білесіз?
Артем Резников азулы ресейлік файтерді жеңді
Артем Резников азулы ресейлік файтерді жеңді
Әлемдегі ең қауіпті елдер
Әлемдегі ең қауіпті елдер