Қазақстанда екі адам коронавирустан айықты

Қазақстанда екі адам коронавирустан айықты

Қазақстанда екі адам коронавирустан жазылды , - деп мәлемдеді «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

"Брифингті жақсы жаңалықтан бастағымыз келіп отыр. Екі емделуші коронавирустан айықты. Қазір олар соңғы тексеру сараптамаларын тапсыруда. Ауруханадан ертең шығады. Бұл – біздің коронавируспен күрестегі жеңісіміз. Басты дүние осы деп айтуға болады. Ең алдымен бұл – дәрігердің жанкешті еңбегінің жемісі. Сондықтан Үкіметтің және барша қазақстанықтардың атынан медицина қызметкерлері мен Денсаулық сақтау министрлігінң қызметкерлеріне алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Кез келген маман үшін ең бастысы – өз еңбегінің нәтижесін көру. Сол нәтиже үміт пен қуат береді", – деді Абаев

Айта кетейік, қазір Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 41 адам, Алматы қаласында – 31 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында- 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам жалпы 80 науқас тіркелген болатын.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?
Өмір атты жүйкенің мәнін жоғалтпау. ER-BATYR жобасында Мақсұт Жұмаев
Өмір атты жүйкенің мәнін жоғалтпау. ER-BATYR жобасында Мақсұт Жұмаев
Forbes әлемдегі ең табысты актерлердің рейтингін жариялады
Forbes әлемдегі ең табысты актерлердің рейтингін жариялады
Әйнекті ерітетін жалғыз қышқыл
Әйнекті ерітетін жалғыз қышқыл
Қарбызды кімдер жемегені дұрыс
Қарбызды кімдер жемегені дұрыс