Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Елбасы қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Елбасы қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Елбасы қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен құттықтап, әрбір шаңыраққа шаттық пен игілік тіледі.

Құрметті отандастар!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймын!

Біз осы жарқын мейрамды әрдайым асыға күтеміз.

Бұл – тіршілік атаулы жанданып, жер-дүние жаңаратын кезең.

Биыл біз Наурызды бірінші рет мерекелік жиындар мен салтанатты іс-шараларсыз атап өтіп жатырмыз.

Оның өзіндік себебі бар.

Бүкіл дүниеге тараған вирус қаупіне тап болдық.

Бірақ көктемнің келуі мен мерекелік көңіл-күйге бөленуге ештеңе кедергі бола алмайды.

Біз біртұтас халықпыз және елімізді өркендету жолында жұмыла жұмыс істеуге дайынбыз.

Еліміздің алдында тұрған барлық сынақтардан ауызбірлік пен табандылықтың арқасында сүрінбей өтетінімізге сенімдімін.

Ұлтты ұйыстырған дәстүрлі мерекеміз баршаның үмітін ақтап, жаңа белестерді бағындыру үшін күш-қуат пен қажымас қайрат әкелсін.

Осынау шуақты мейрамда әрбір шаңырақ шаттық пен игілікке толсын.

Баршаңызға ырыс-ынтымақ, денсаулық пен бақ-береке тілеймін!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Қосылған күні: 21 наурыз, 09:28

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.