Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам тіркелді

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам тіркелді
Фото: Денсаулық министрлігі

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 53-ке жетті. 21 наурыз сағат 12:00-гі ы мәлімет бойынша тағы 1 адамнан бұл инфекцияның белгісі анықталған. Ол – Алматы облысы, Қарасай ауданынан.

- Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы облысында тіркелді.  Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 28 адам, Алматы қаласында – 22 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, жалпы 53 науқас тіркелді, - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кеткен жөн, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыздан бастап карантин режімі енгізілді. Бүгін түнде екі қала толықтай жабылады.

Н. Үсенова