Қазақстанда коронавирус жұқтырған үшінші адам тіркелді

Қазақстанда коронавирус жұқтырған үшінші адам тіркелді
Фото: tengrinews.kz

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың үшінші дерегі тіркелді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

- Қазіргі таңда тағы бір науқас анықталды. Оны үшінші науқас деп айтуға болады. 12 наурыз күні ол Миланнан Нұр-Сұлтан қаласына келген. Лабораториялық анализ бойынша азаматтан коронавирустық инфекция анықталды. Ол әуежайға келген кезде бірден карантинге жатқызылды", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Осыған дейін денсаулық сақтау министрі Қазақстанда бірінші коронавирус жұқтыру дерегі тіркелгенін, олармен байланыста болған азаматтар іздестіріліп жатқанын айтқанын хабарлаған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда Covid-19 коронавирусын пандемия деп жариялады.

• Коронавирустан сақтану жолдары

• Коронавирус белгілері байқалса, ауруханаға баруға болмайды

• Пандемия кезінде бас тарту керек 5 beauty-әдет

Н. Үсенова