Тоқаев коронавирус пандемиясына қатысты мәлімдеме жасады

Тоқаев коронавирус пандемиясына қатысты мәлімдеме жасады
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясы туралы мәлімдеме жасады. 

"ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, 11 наурыз күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялады.

Пандемия мен эпидемияның айырмашылығы қандай?

"Бұған дейін коронавирус тудырған пандемиямен бетпе-бет келген емеспіз. Бақылауда ұстауға болатын пандемиямен ешқашан күрескен емеспіз. [...] 114 елде тіркелген 118 мың жағдайдың 90 пайыздан астамы төрт мемлекетте анықталып отыр. Оның екеуінде – Қытай және Оңтүстік Кореяда сырқаттанғандар саны айтарлықтай азайды. Ауру жұқтыру жағдайлары, өлім-жітім мен ауру таралған елдер қатары көбейеді деп топшылап отырмыз… Біз COVID-19 инфекциясының таралуын пандемия деп сипаттауға болады деген тұжырымға келдік", – деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адхан Гебрейесус.

 
Massaget