Алматыда көп балалы және аз қамтылған отбасылар мәселесі талқыланды

Алматыда көп балалы және аз қамтылған отбасылар мәселесі талқыланды
Фото: google.com

26 ақпанда сағат 14:00-де Қазақстан баспасөз клубында "Алматы қаласы Наурызбай ауданының көп балалы және аз қамтылған отбасыларына арналған "Бақытты отбасы" әлеуметтік орталық" жобасының 2019 жылы сәтті жүзеге асуы және орталықтың 2020 жылғы жаңа нысандағы жұмысының бағдарламасымен таныстыру" тақырыбында Алматы қаласы, "Сәтті" бизнес орталығы, Самал 2, 58-үй мекен-жайы бойынша баспасөз конференциясы өтті.

Өткен жылы еліміздегі көп балалы және аз қамтылған отбасылардың өмірлік қиындықтары мен мәселелері мемлекет пен қоғам тарапынан белсенді әлеуметтік қолдау тапты. Наурызбай ауданының "Бақытты отбасы" әлеуметтік орталығының жұмысы осы міндеттерді жүзеге асырудың тиімді және нәтижелі нысанының біріне айналды.

Баспасөз конференциясында әлеуметтік орталықтың жетекшісі Жандай Сана Шайханқызы бұл жобаның өзектілігін атап өтті және 2019 жылғы "Бақытты отбасы" орталығы жұмысының нәтижелерімен таныстырды: 

"2019 жылы төрт айлық жұмыс барысында орталыққа 1246 адам тіркелді, 11789 қызмет көрсетілді. "Атамекен" ҚР ҰКП бағдарламасы бойынша 78 адам оқып, жоспарларын қорғап, қайтарымсыз грантқа ие болды.

Бейсембина Нағигүл Нұрханқызы:

"Орталықтың жұмысы барысында көп балалы және аз қамтылған отбасылардың әр мүшесі тап болатын нақты өмірлік қиындықтарын көрдік. Бұл біздің орталықтың Наурызбай ауданы мен жалпы қаланың барлық мемлекеттік құрылымдарымен белсенді және өзара әрекеттесуіне ықпал етті. Мұндай отбасыларлардың көптеген мәселелері жалпы психологиялық, заңдық және әлеуметтік сауатсыздықтарынан туындайды, сондықтан 2019 жылы "Бақытты отбасы" орталығының жұмысы мұқтаж адамдарға дер кезінде көмек берудің қаншалықты маңызды екенін және адамның өмірін өзгертуге болатынын көрсетті".

Конференцияны қорытындылай келе, Жандай Сана Шайханқызы 2020 жылы орталықтың жаңа нысандағы жұмысы туралы айтты, онда басты бағыт пен негізгі мақсат қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларды анықтау, оларға уақытылы көмек қолын созу, әйелдер кәсіпкерлігін белсенді дамыту, оқуға ынталандыру, балаларға арналған шығармашылық және спорт курстарының жұмысын дамыту, табысты кәсіпкерлер арқылы жұмысқа орналастыру және кәсіпкерлердің "Қазақстан волонтерлар лигасымен" ынтымақтастығы болып табылады.

Ауданымыздың "Мерейлі аналар" қайырымдылық қорының белсенді көп балалы аналарының ықпалымен өткен жылы "Бақытты отбасы" орталығы ашылып, өз жұмысын үлкен жауапкершілікпен атқарды.

"Мерейлі аналар"  қоры мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған, аз қамтылған, асыраушыдан айырылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсетті.  "Гранд Парк", "Атакент" және "Спутник" сауда орталықтарында жаңа жылдық іс-шаралар ұймдастырды, мүгедек балаларға арналған күндізгі орталықта шаштараз мамандарының қызмет көрсетуін ұйымдастырды. Сондай-ақ, «Фирдаус» қорының және аудан әкімдігінің қолдауымен, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмір мен азық-түлік себеттері таратылды. Қордың ұжымында белсенді, жауапкершіліктері мол біздің ауданның аналары жұмыс істейді. Қор төрағасы - Махмудова Халида.

"Мерейлі аналар" қорының мекен-жайы: Наурызбай ауданы, Шұғыла 341.

Баспасөз конференциясының спикерлері:

Жандай Сана Шайханқызы - "Бақытты отбасы" әлеуметтік орталығының жетекшісі
Бейсембина Нағигүл Нұрханқызы - "Бақытты отбасы" әлеуметтік орталығының үйлестірішусі
Пак Светлана Владимировна - "Бақытты отбасы" әлеуметтік орталығының балалар психологы
Сүйесінова Нұржамал Қалипақызы - "Бақытты отбасы" әлеуметтік орталығының психологы
Өміржанова Нұрсара Мұсабайқызы - "Бақытты отбасы" орталығының әлемеуттік қызметкері
Махмұдова Халида Әбенқызы - "Мерейлі аналар" қорының төрағасы.

Г. Берік