Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Қызылордалық студенттер садақ ату ойынының виртуал үлгісін жасап шығарды

Қызылордалық студенттер садақ ату ойынының виртуал үлгісін жасап шығарды

Қызылордалық студенттер садақ ату ойынының виртуал үлгісін жасап шығарды

Қызылордалық бір топ студент садақ ату ойынының виртуал үлгісін жасап шығарды, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Мұндай толық аяқталған компьютерлік ойын Қызылорда облысында алғаш рет дайындалып отыр, дейді мамандар. Абылайхан Қарсақбай және ағайынды Сұлтан мен Бек Қазилардың 3D туындысы IT мамандардың жоғары бағасына ие болыпты.

Олар бұл ойынды арнайы бағдарламалар негізінде 4 ойын өңдеуге арналған құралдар жиынтығының көмегімен төрт айда құрастырған. Әзірге қызылордалық өрендер ортағасырлық қала сипатында тұрып, садақ ату ойынын ғана виртуал әлемге енгізді. Алдағы уақытта ат үстінен нысана көздеу идеясын да 3D негізінде жүзеге асыруға ниетті екен.

"Осылайша компьютер мен смартфонға телмірген жастардың қазақтың ұлттық ойындарына деген қызығушылығын арттырамыз", - дейді жас өнертапқыштар.      

"Алда көптеген ойын шығару жоспарымызда бар. Тек VR емес, компьютерге де, ұялы телефонға да шығармақпыз. Қазір 2 жоба дайын тұр, іске асырып жатырмыз. Тоғызқұмалақ, көкпар, асық ату, осы барлық қазақ ойындарының ЗD моделін істеп, ойын шығару жоспарда бар", - дейді студенттердің бірі Бек Қази.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Massaget
Фото: Хабар 24
Қосылған күні: 16 ақпан, 13:24
Тегтер: 3D, виртуал ойын,

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.