Алматыда "JASTAR INNOVATION-2019" көрмесі өтеді

Алматыда "JASTAR INNOVATION-2019" көрмесі өтеді

18 желтоқсанда Алматыдағы Smart Point коворкинг орталығында "JASTAR INNOVATION-2019" инновациялық жобалар көрмесі өтеді. Көрмеде үздік жобалар анықталып, марапатталады.

"JASTAR INNOVATION-2019" жобасының мақсаты – жастардың жаңашыл бастамаларына қолдау көрсету, жастарды кәсіпкерлікке баулу, білімін, біліктілігін арттыру, жаңашыл идеялар, жобалар арқылы қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге ықпал ету.

Көрме биылғы Жастар жылына орай Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы мен "Жастарға қолдау көрсету" Қоғамдық Қорының ұйымдастыруымен өтеді.

Massaget