Алматыда "Селфихан" мен "Селфиханым" анықталады

Алматыда "Селфихан" мен "Селфиханым" анықталады

Алматы қаласында 15-22 желтоқсан аралығында SELFIESTAN фестивалі өтеді. Мұнда арнайы селфиге дайындалған түрлі кратив зоналарда суретке түсіп, көпті тамсандырғандарға "Селфихан" және "Селфиханым" атағы беріледі.

22 желтоқсанға дейін кез келген алматылық тұрғын мен қала қонақтары селфиге арналған фотозоналарда ерекше суретке түсе алады. Фестивальдің тақырыбы – "Ғаламат Жаңа жыл".

Фестиваль Алматыдағы "Мәскеу" метро станциясында ұйымдастырылады. Кіру тегін.

Image result for метро станция москва алматы"Мәскеу" метро станциясы

"SELFIESTAN – бұл ерекше, тартымды суретке түсіруге мүмкіндік беретін фестиваль. Жоба көрермендердің көңілін көтеріп, қызықтырып қоймай, сонымен қатар жарнама саласында жұмыс істейтін өндірістік компанияларға, олардың деңгейі мен мүмкіндіктерін көрсету үшін де ұйымдастырылып отыр.

Фестиваль кезінде "Селфиханым" мен "Селфихан" таңдалады. Ең танымал селфиді жасап, оны Инстаграмға жариялаған қатысушылардың арасынан фестиваль ханы мен ханшайымы анықталады. Фестиваль қонақтарын ерекше фотозоналар, байқаулар, сыйлықтар күтеді және қазақстандық жұлдыздармен селфи жасай алады", - дейді ұйымдастырушылар.

Фестивальдің барысы мен нәтижесі SELFIESTAN-ның әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланып отарады.

Massaget