Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидрометтің хабарлауы бойынша, 9-11 қараша аралығында еліміздің барлық аймағында күн суытады. Бірнеше өңірде жаңбыр, бұршақ жауып, соның салдарынан көктайғақ болады.

"Демалыс күндері Қазақстан аумағымен оңтүстік-шығыс бағыттағы атмосфералық ағындар көшеді, сондықтан көптеген облыстарда жауын-шашын, жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады, тұман түсуі ықтимал.

Атлантикалық жылы ауа массаларының батыс бағытта жылжуы біртіндеп солтүстік-батысқа ауысады, соған байланысты арктикалық теңіздерден суық ауа массалары келетіндіктен елімізде тағы да күн суытады",- деп жазылған Қазгидромет таратқан хабарламада.

Дайындаған: Аслан Қажиев
Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 08 қараша, 16:21
Ұқсас жазбалар:
Қош келдің, ару Көктем Алматыға! Massaget.kz
Наурызда жауған ақша қар Massaget.kz