Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Қазақстандықтар қай елге көп ақша аударады?
Қазақстандықтар қай елге көп ақша аударады?

Қазақстандықтар көбіне Ресей, Өзбекстан, Түркияға ақша аударады, деп жазады Finprom.kz.

2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының аралығында Қазақстаннан шетелге 506 миллиард теңге жіберілген. Бұл осы мерзімге сай былтырғы көрсеткіштен тек 2,3% көбірек.

Қазақстаннан ең көп ақша Ресейге аударылған – 152,8 миллиард теңге. Одан кейін Өзбекстан – 104,4 миллиард теңге, үшінші орында Түркия – 65,1 миллиард теңге.

 ©finprom.kz

Қазақстанға ақша аударатындар арасында да бірінші орында Ресей тұр. Қаңтар мен қыркүйек аралығында көрші елден 102,6 миллиард теңге жіберілген. Екінші орында Оңтүстік Корея – 49,1 миллиард теңге, үшінші орында Өзбекстан – 22,5 миллиард теңге.

Қазақстанға ақша аудару 43,5 процентке азайған. Былтыр бұл көрсеткіш төрт есе көп болған.

Дайындаған: Massaget

Қосылған күні: 07 қараша, 08:54
Тегтер: ақша, Қазақстан,