Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Нұржан Керменбаев: Máńgilik El Daýysy тыңдарманмен байланыс орнатуды көздейді
Нұржан Керменбаев: Máńgilik El Daýysy тыңдарманмен байланыс орнатуды көздейді

Máńgilik El Daýysy ұлттық музыка шоуының қатысушысы Нұржан Керменбаев артист пен көрермен арасындағы байланыстың қаншалықты маңызды екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жастар жылы аясында Нұр-Сұлтан қаласында 9 қараша күні сағат 19.00-де басталатын Máńgilik El Daýysy концертінде Қазақстан эстрада жұлдыздары хит әндерін жанды дауыста орындайды. Жоба көрермендерді ерекше қойылымдар, әдемі безендірумен қуантып, тыңдармандардың артистермен бірге ән айтуына мүмкіндік жасайды. Көрермендерге ыңғайлы болуы үшін әндердің мәтіні LED-экрандарда көрсетіліп отырады.⠀

"Тыңдарман мен орындаушы арасында үлкен байланыс болады. Концертте артистер тек ән салып қоймай, көрерменмен байланыс орната білуі керек. Мен де өз концерттерімді осылай өткізуге тырысамын. Сондықтан бұл шоуға қатысуға ұсыныс түскенде бірден қабыл алдым. Máńgilik El Daýysy концепциясы маған ұнады, себебі шоу тыңдарманмен байланыс орнатуды көздейді", - дейді Нұржан Керменбаев.

Артист Máńgilik El Daýysy  концертінде төрт ән орындайды.

"Төрт әннің екеуін халық жақсы біледі деп ойлаймын. Біріншісі – "Егіз лебіз", екіншісі – кезінде Мейрамбек Беспаев орындаған "Сағындың ба?" әні. Бұл – тыңдарманға таныс әндер. Олардан бөлек өз репертуарымдағы "Самға әуенім" және Данияр Шеңгелбаевтың "Қазақтың баласы" әндерін орындаймын", - деді ол.

Еске салайық, концертте клибі 100 миллион көрілім жинаған Ерке Есмахан, Айқын, Raim & Artur, Ерболат Құдайберген және Орда тобы өнер көрсетеді.

Жоба ұйымдастырушысы – Pantograph продюсерлік орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, ақпараттық қолдау – Alash Media Group холдингі, "Жұлдыз FM, Tengri FM радиостанциялары.

Шараға билеттерді ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.

Дайындаған: Massaget
Фото: instagram.com/nurzhan_kermenbayev
Қосылған күні: 06 қараша, 22:18
Тегтер: Máńgilik El Daýysy,
Ұқсас жазбалар:
Әнші Айқын Máńgilik El Daýysy музыкалық шоуында қандай ән орындайтынын айтты Massaget.kz
"Бәрі жанды дауыста ән айтады". Máńgilik El Daýysy жобасына дайындық қалай жүріп жатыр? Massaget.kz