Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Әнші Айқын Máńgilik El Daýysy музыкалық шоуында қандай ән орындайтынын айтты

Әнші Айқын Máńgilik El Daýysy музыкалық шоуында қандай ән орындайтынын айтты

Әнші Айқын Máńgilik El Daýysy музыкалық шоуында қандай ән орындайтынын айтты

Қазақстандық әнші Айқын Төлепберген 9 қарашада Жастар жылы аясында Нұр-Сұлтанда сағат 19:00-де өтетін Máńgilik El Daýysy музыкалық шоуында қандай ән орындайтынын айтып берді.

Айта кетейік, жоба көрермендерді ерекше қойылымдар, әдемі безендірумен қуантып, сондай-ақ тыңдармандардың әртістермен бірге ән айтуға мүмкіндік жасайды. Хит әндердің мәтіндері көрермендерге ыңғайлы болуы үшін led-экрандарға шығарылады.⠀
Айқын мұндай форматтағы шоуда тыңдарман мен әнші арасында ерекше байланыс болатынын айтты.

"Барша тыңдарман әншімен ән айтқан кезде ерекше сезімде боласың, сосын бұл сезім тыңдарманға беріліп, энергия алмасу болады. Құрметті елорда тұрғындары, сіздерді 9 қараша "Қазақстан" орталық концерт залында болатын Máńgilik El Daýysy концертіне шақырамын", - деді әнші.

Әншінің сөзінше, тыңдарманға ең бірінші "Жалаң аяқ" атты әнін тарту етеді.

"Бұл әннің сөзін Мұқағали Мақатаев жазған. Қайырмасы французша. Сонысымен басқа әндерден ерекшеленіп тұрады. Екінші "Туған жер" атты ән патриоттық. Әнін әкем жазған, ал музыка авторы - Данияр Шеңгелбаев. Ән Отан туралы, туған жерге деген махаббат туралы. Үшінші ән - "Жүрегім ақ". Оның да қайырмасы ерекше. Қай қалада болсам да осы әнді орындап бастаған кезде барлық тыңдарман бірге орындайды. Яғни тез жатталады, оны балалар да айтып жүр", - деді Айқын.

Биыл жарыққа шыққан "Жүрегім ақ" әнінің бейнебаяны YouTube желісінде сегіз айдың ішінде 8 миллионға жуық қаралым жинаған. Әншінің сөзінше, бұрындары жастар клубта демалса, кейінгі уақытта жастар көбіне караокеға барады. Сондықтан Máńgilik El Daýysy музыкалық шоуының форматы өзекті болып тұр.

"Менің ерекше ықыласпен қабылданатын әндерімнің бірі - "Алтыным менің". Жеке концерттерде тыңдармандар әншімен ән орындағысы келеді, алайда әнді білгенімен сөзін ұмытыңқырап жатады. Мен жас болған кезде қалай демалдым? Клубтарға барып, билейтінбіз. Ал қазір әрбір екінші адам караокеға барады. Ал егер караоке-концерт болса тіптен керемет деп ойлаймын", - деді әнші.

Еске салайық, концерт қонақтары - Ерке Есмахан, Айқын, Нұржан Керменбаев, Raim & Artur, Ерболат Құдайберген және Орда тобы.

Жоба ұйымдастырушысы - Pantograph продюсерлік орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, ақпараттық қолдау - Alash Media Group холдингі.

Máńgilik El Daýysy концертіне қалай билет ұтып алуға болады?

Шараға билеттерді ticketon.kz сайтынан алуға болады.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Massaget
Қосылған күні: 04 қараша, 17:53
Тегтер: Máńgilik El Daýysy,

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.