Латын әліпбиіне көшуде қандай қиындықтар бар?

Латын әліпбиіне көшуде қандай қиындықтар бар?
Фото: http://mediaovd.kz

Латын әліпбиіне көшу барысында қазақ тілінің қандай әріптері қиындық тудыруда? Бұл сұраққа "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" хатшысы Анар Фазылжан жауап берді.

"Қиындық тудыратын мәселенің бірі – диграф. Диграф – бұл екі әріптен құралып, бір дыбысты беретін жазба белгі. Жаңа әліпбиде дифраф екеу – ш (sh) және ч(ch). Сауалнама нәтижесіне және қоғамның пікіріне сүйенсек, қазақстандықтар бұл әріптерді оқу кезінде жиі қателеседі және осы қиындыққа байланысты жиі шағымданады. Біз үш мың адамның қатысуымен қоғамдық сауалнама жүргіздік. Сонда байқағанымыз, қатысушылардың басым бөлігі «shema» (схема) сөзін «шема» деп оқыды", - деді Анар Фазылжан.

Сауалнама барысында қатысушылар «и», «і» әріптерін оқу кезінде де жиі қателескен. Мысалы «Ine» (ине) деген сөзді «іне», «Ishik» (ішік) сөзін «ишик» деп оқыған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев латын әліпбиіне көшу жайлы өзінің Twitter желісіндегі парақшасында жазған еді.

"Әліпбиді латын қарпіне көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына екі жылға жуықтады. Бірақ қарпімізде әлі де олқылықтар бар. Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек. Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұловаға тиісті тапсырма бердім. Алдымызда ауқымды жұмыс тұр", - деді ҚР Президенті.

А. Қажиев