Қасым-Жомарт Тоқаев: Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек

Қасым-Жомарт Тоқаев: Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұловаға жаңа әліпбиді жетілдіруге тапсырма берді. Бұл туралы ҚР Президенті өзінің Twitter-дегі парақшсында жазды.

"Әліпбиді латын қарпіне көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына екі жылға жуықтады. Бірақ қарпімізде әлі де олқылықтар бар. Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек. Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұловаға тиісті тапсырма бердім. Алдымызда ауқымды жұмыс тұр", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Massaget