12 қазанда ауа райы құбылмалы болады

12 қазанда ауа райы құбылмалы болады
Фото: Massaget.kz/Yernar Almabek

"Қазгидромет" кәсіпорны 12 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, солтүстікте және орталықта түнде жаңбыр, сулы қар жауады. Оңтүстік және солтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерде тұман түсіп, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, түнде оңтүстікте аяз болады.

Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында түнде 1-3 градусқа дейін аяз болады, Түркістан және күндіз Қызылорда облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, Жамбыл облысында тұман түседі.

Алматы облысының кей жерінде найзағай ойнап, секундына 15-20 метрге дейін жел күшейеді, түнде тұман түседі.

Атырау облысының кей жерінде тұман түсіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, түнде Ақмола облысының кей жерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деген болжам бар.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай ойнап, тұман түседі. Қарағанды облысында тұман түсіп, түнде және таңертең күн күркірейді.

Шығыс Қазақстан облысының кей аймағында найзағай ойнап, секундына 15-20 метрге дейін жел күшейеді.

Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Қарағанды облысының батысы мен оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Massaget