Бауыржан Байбек Алматының Құрметті азаматы атанды

Бауыржан Байбек Алматының Құрметті азаматы атанды

Алматының экс-әкімі, "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекке Алматы қаласының Құрметті азаматы атағы берілді.

Аталған награданы "Қала күнін" тойлау салтанатында Алматының қазіргі әкімі Бақытжан Сағынтаев табыстады.

Оңтүстік астананың Құрметті азаматы атағына ие болған жандардың арасында жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов, театр және кино актері Юрий Померанцев, ақын әрі жазушы Олжас Сүлейменов сынды әдебиет пен мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ медицина саласына еңбек сіңірген тұлғалар бар.

Бұдан бөлек, қоғам дамуына сүбелі үлес қосқан белгілі тұлғалар, ЖОО ректорлары, қоғам қайраткерлері «Еңбек үшін» төсбелгісімен марапатталды.

А. Қажиев