Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / "Сүйемін гүліңнің көктемін" - Альмира Тұрсын Алматыға ықыласын білдірді

"Сүйемін гүліңнің көктемін" - Альмира Тұрсын Алматыға ықыласын білдірді

Актриса Альмира Тұрсын Қала күнінде Алматыға ықыласын білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Бірге оқимыз" жобасының аясында ол Леонид Дербеневтің "Алма-Ата моя" атты туындысын оқыды. Бұл өлеңге жазылған ән алғаш Ермек Серкебаевтың орындауында "Тақиялы періште" фильмінде айтылды. 

"Алғаш рет Ермек Серкебаевтың "Алма-Ата" әнін естіп, бұл мен үшін үздік ән екенін, Алматының гимні екенін түсіндім. Оны Қала күніне орай "Бірге оқимыз" жобасының аясында оқу – өз ықыласымды білдіруге, оқуға шақыруға, таптырмас тәсіл... Әсіресе, өз отандастарыңның еңбектерін, махаббат жайлы, өмір мен мәңгілік туралы оқуды үгіттеу! Өз қалаларыңызды сүйіңіздер, кітапқа құштар болыңыздар, балаларыңыздың оқуға деген зейінін ашыңыздар! Себебі кітап – білім бұлағы, ғасырлармен байланыс орнатқызатын желі, арамызда жоқ адамдармен тілдесу құралы және келешек ұрпаққа қалдыратын мұрамыз", - дейді Альмира.

"Бірге оқимыз" жобасының мақсаты – жастарға кітап оқуды насихаттап, отандық әдеби шығармаларға қызығушылық тудыру. Жоба аясында эстрада, кино және телевизия жұлдыздарының қатысуымен теле- және радиобағдарламалар циклі дайындалып жатыр. "Бірге оқимыз" арнайы жобасын ERG компаниясының қолдауымен Alash Media Group холдингі жүзеге асырып келеді.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Massaget
Фото: tengrinews.kz
Қосылған күні: 15 қыркүйек, 13:52

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.