Томирис рөлінде ойнайтын актриса қазақстандықтарға кеңес берді

Томирис рөлінде ойнайтын актриса қазақстандықтарға кеңес берді

"Томирис" фильмінде басты рөлде ойнаған Альмира Тұрсын қазақстандық әйелдерге кеңес берді. Актриса "Бірге оқимыз" жобасына қатысты. Жоба аясында ол Нұр-Сұлтанда KITAP FEST кітап фестивалінде Томирис патшайым туралы үзінді оқыды.

"Бұл үзінді маған бірден ұнады. Бұл мен оқыған біздің қазақстандық авторлардың соңғы романдардың бірі. Бірден айтайын, фильм Жандарбековтің романы (Болат Жандарбеков - "Томирис" романының авторы) бойынша түсірілмеді, бірақ мен оның романын да, басқа да дереккөздерді де оқыдым. Мен әрдайым кейіпкерім туралы оқып жүремін. Мен оны оқып, сонымен бірге өмір сүремін. Мен үшін балалармен бөлісу өте маңызды. Менің ойымша, оқиғаның ерте заманда болғанынан қарамастан, Томирис әлі де өзекті", - деді Альмира Тұрсын. Ол жастар мен ересектердің кітап оқуға қызығушылығын тудыратын іс-шаралардың маңызын атап өтті.

Үзінді оқып болған соң актриса қазақстандық әйелдердің жеке дамуы мен феминизм тақырыбын қозғады.

"Мен қазақстандық әйелдерге өз бақытына қарай жүруге кеңес берер едім. Бұл феминизм бе, әлде шығыстық па, маңызды емес. Әйел өзінің бақытын таңдайды. Егер әйел жұмыс істегісі келсе және отбасын құруды ойламаса, бұл оның жеке таңдауы. Бұл шешімді құрметтеу керек. Қоғам оның ісіне араласуға немесе нақты бір бағытты ұстануына мәжбүрлемеуі керек. Әрбір әйел бақытты болу үшін, өз жолын таңдайды. Біздің әйелдер осыны жақсы біледі және тепе-теңдікті ұстайды. Біз шектен шығып, феминист болып кетпейміз, бірақ позицияны да бермейміз. Бұл әлемдік тәжірибе үшін жақсы үлгі. Қазіргі біздің формат - бұл әйел, ана және отбасының ұйытқысы рөлін ұмытпай, өзін-өзі қамтамасыз етуді қалыптастыру", - деп есептейді актриса.

Ол қыз бала міндетті түрде оқуы керек бес кітапты ұсынды.

"Трансерфинг реальности", авторы Вадим Зеланд. Кітап ойлау қабілеті жайлы. "Код таланта", авторы Дэниел Койл. Кітап әр адамның өз таланты бары жайлы, тек оны өзіңнен көре білу керек. "Искусство быть родителем", авторы Маруся Светлова. "Очарование женственности", авторы Хелен Андели. Әрдайым қыз бала болып қалу, мықты болу және жеңілдікті ұмытпау жайлы кітап. "Думай как миллионер", авторы Харв Экер. Ойлау қабілеті жайлы. Неліктен бай және кедейлер бар", - дейді Альмира Тұрсын.

KITAP FEST бес жыл қатарынан Алматыда өткізіліп келді. Жыл сайын ол мыңдаған кітапсүйерлерді, талантты жазушыларды, блогерлерді, қоғам қайраткерлері мен пікір көшбасшыларының басын қосады. Биыл фестиваль алғаш рет Нұр-Сұлтанда өтті.

Жобаны "Алаш Медиа Групп" холдингі ERG компаниясының қолдауымен өткізеді.

Айта кетейік, Tengrinews.kz "Бірге оқимыз" арнайы жобасы бастады. Оның мақсаты - қазақстандықтардың жас буыны арасында кітап оқуды насихаттау және қазақ тіліндегі шығармаларға деген қызығушылықтың пайда болуына әсер беру.

Massaget