Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Қазақстан Президенті қытайлық кәсіпкер Джек Мамен кездесті

Қазақстан Президенті қытайлық кәсіпкер Джек Мамен кездесті

Қазақстан Президенті қытайлық кәсіпкер Джек Мамен кездесті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына сапары барысында Alibaba компаниясының негізін қалаушы, әлемге әйгілі миллиардер Джек Мамен кездесті.

Мемлекет басшысы Қытайдың Ханчжоу қаласында орналасқан Alibaba штаб-пәтерінің жаңа кампусын аралап, мекеменің қызметімен, даму тарихымен танысты. Компанияның негізін қалаушы Джек Ма Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алып, екеуара сәлемдескеннен кейін арнайы кездесу ұйымдастырылды. Тоқаев компанияның құрылғанына 20 жыл толуына байланысты Джек Маны арнайы құттықтады. Қытайлық кәсіпкер Қазақстан Президентіне жылы лебізі үшін алғыс білдіріп, ризашылығын айтты.

"Қазақстанда 5 рет болдым. Қазақстанның мәдениеті мен халқын жақсы көремін. Ол жақта менің достарым көп. Бос уақытымды Сіздердің астаналарыңызда өткізген ұнайды", - деді Джек Ма.

Осы орайда, Джек Маның тамыз айында Абай өлеңін жатқа оқып, эстафетаны одан әрі Геннадий Головкинге жолдағанын еске саламыз.

Alibaba Group компаниясы 1999 жылы Ханчжоуда құрылып, электронды коммерция және цифрлы төлем саласындағы ірі компанияға айналды. 2019 жылдың басында компанияны капиталдандыру 18 пайызға артып, 421,9 млрд долларға дейін жетті.

Джек Ма 10 қыркүйек күні компаниядан ресми түрде отставкаға кеткенін хабарлаған едік. Директорлар кеңесінің жаңа төрағасы және компания басшысы лауазымына Дэниэл Чжен тағайындалды. Дегенмен компанияның негізін қалаушы Джек Ма Alibaba-ның маңызды стратегиялық шешімдеріне, өзгерістеріне атсалысып отырмақ. Маның отставкасы оның туған күні мен Қытайдағы Ұстаздар күніне сай келді. Айта кету керек, Джек Ма кәсіпкерлікке дейін мектепке мұғалім болған екен. Отсавкадан кейін ол әлі де білім беру саласына көңіл аударып, филантропиямен (мұқтаж адамдарға, ұйымдарға, мемлекеттік институттарға, мемлекетке материалдық көмек көрсету) айналыспақ.  Кәсіпкердің табысын Forbes журналы $38,6 млрд-қа бағалаған. Әлемнің ең бай адамдарының рейтингінде Джек Ма 21-орында тұр.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, қазіргі уақытта Қытай Халық Республикасында іссапармен жүр. Президент екі күнге жоспарланған сапар аясында Қытайдың ұлттық шәй мұражайы мен Лэйфен Пагодасына арнайы бармақ.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Аслан Қажиев
Фото: казинформ
Қосылған күні: 12 қыркүйек, 17:45

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.