Джек Ма туған күнінде отставкаға кетті

Джек Ма туған күнінде отставкаға кетті
Фото: facebook.com/pg/AliBabaJack

Alibaba компаниясының негізін қалаған кәсіпкер Джек Ма 10 қыркүйек күні ресми түрде отставкаға кетті. Кәсіпкер бұл туралы бір жыл бұрын хабарлаған болатын. 

Директорлар кеңесінің жаңа төрағасы және компания басшысы болып директор Дэниэл Чжен тағайындалды. Дегенмен компанияның негізін қалаушы Джек Ма Alibaba-ның маңызды стратегиялық шешімдеріне, өзгерістеріне атсалысып отырмақ.

Маның отставкасы оның туған күні мен Қытайдағы Ұстаздар күніне сай келді. Айта кету керек, Джек Ма кәсіпкерлікке дейін мектепке мұғалім болған екен. Отсавкадан кейін ол әлі де білім беру саласына көңіл аударып, филантропиямен (мұқтаж адамдарға, ұйымдарға, мемлекеттік институттарға, мемлекетке материалдық көмек көрсету) айналыспақ. 

Alibaba 1999 жылы Ханчжоуда құрылып, электронды коммерция және цифрлы төлем саласындағы ірі компанияға айналды. Кәсіпкердің табысын Forbes журналы $38,6 млрд-қа бағалап, ең бай адамдар рейтингінде 21-орын алған.

Джек Маның студенттерге берген 6 кеңесі

Massaget.kz