Лездік лотереялардан бірден 3 миллионер анықталды

Лездік лотереялардан бірден 3 миллионер анықталды

Жаз мезгілінде Ұлттық лотерея операторы "Сәтті Жұлдыздың" лездік лотереялары ұтыстарға бай болды. Әртүрлі қалалардан және әртүрлі ойындарда бірден 3 жеңімпаз анықталды.

Қазақстандықтар бір жылдан астам таба алмай келе жатқан "777" лездік лотереясының көптен күткен Бас жүлдесін Атырау қаласының Рафхат есімді тұрғыны тапты. Ұтыс сомасы 2 миллион теңгені құрады. Жеңімпаздың айтуы бойынша, оның лотереяны ойнап жүргеніне 2 жылдай болған, бұған дейін 50 000 теңге және 100 000 теңгелік ұтыстар болған, бірақ бұл оның алғашқы ірі ұтысы. Ұтып алған ақшасына Рафхат анасын, жұбайын және ұлын саяхатқа жіберуді жоспарлауда. Айта кететін жайт, бақытты билет Атырау қаласындағы "Сарайшық" базарында сатып алынған.

"Алтын" лотереясына келсек, 2 миллион теңге көлеміндегі бас жүлде өзін ұзақ күттірген жоқ. Бас жүлде кездейсоқ лотерея ойнауға бел буған Түркістан облысындағы Тұрар Рысқұлов ауылының тұрғыны Нұржан Сәрсебековке бұйырды, ал енді ол автокөлік сатып алмақшы.

"Жомарт 3" лездік лотереясындағы кезекті ұтыс өз иесін Тараз қаласынан тапты. Григорий Садовой есімді жеңімпаз бақытты билетті "Корзинка" супермаркетінде сатып алып, 1 000 000 теңге ұтысты қанжығасына байлады. Григорий әлі ұтысын қалай жұмсайтынын шешкен жоқ.

Лездік лотереялардағы миллиондар бұнымен таусылмайды, себебі әр ойында бірнеше Бас Жүлделер салынған. Сол себепті біз миллионерлерді іздестіруді жалғастырамыз!

Мәселен, осы сәрсенбіде Loto 6/49 ойынындағы Супержүлденің иесі атануға болады. Айтқандай, оның көлемі қазір 20 миллионнан асып, 20 400 000 теңгені құрауда. Оның үстіне ең ірі ұтыстар осы лотереяда анықталған болатын. Естеріңізге салып өтсек, қарағандылық инженер 24 миллионды ұтып алса, астаналық зейнеткер 26 миллионды қанжығасына байлаған. Сіздер де сәттіліктеріңізді сынап көріңіздер!

Серіктес материалы




ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Marhaba Sabi - Marsqa
NINETY ONE - QIYALMAN