Демалыс күндері күн суытады

Демалыс күндері күн суытады

Алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМҚ өкілдеріне сілтеме жасап.

- 26 мамырда түнгі уақытта Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында, 27 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын-шашын болады. 26 мамырдан 27-не қараған түні солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады. Сондықтан кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

26 мамырдың кешінде Қостанай, Ақтөбе облыстарының, түнде 26-27 мамырда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 3 градус үсік, түнде 27 мамырда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 1-6 градус үсік күтіледі, - деп ескертеді синоптиктер.

Сондай-ақ, 26 мамырда Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні жылдамдығы секундына 23-28 метрге жетеді. Кей жерлерде тұман, найзағай, бұршақ, дауыл тұрады деп болжанып отыр.

Н. Үсенова