Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: pishiprosto.ru

Синоптиктер 30 наурыз - 1 сәуір күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады.

- 20 наурыздан астрономиялық көктемнің басталуымен ауа температурасының тез жоғарылауы күтіледі. Көктемгі ауа райының құбылмалы болуы циклондар мен антициклондардың тез алмасуымен байланысты. Сондықтан алдағы үш тәулікте Қазақстан бойынша жауын-шашын, оңтүстікте жаңбыр және найзағай ғана емес, сонымен қатар, қысқа уақытқа болса да, жылы жауын-шашынсыз ауа райы болжанады, - дейді "Қазгидромет" өкілдері.

Н. Үсенова