Отандық 20 сайт жұмысын уақытша тоқтатады

Отандық 20 сайт жұмысын уақытша тоқтатады
Фото: Бизнес журнал

2-3 наурыз аралығында бірнеше мемлекеттік сайт жұмыс жасамайды. Ақпарат «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Фейсбук парақшасында жарияланды.

«Мемлекеттік органдардың серверлік орталығында орналасқан телекоммуникациялық жабдықтарда 2019 жылғы 2 наурыз сағат 21:00-ден бастап 3 наурыз 17:00-ге дейін жоспарлы жұмыстар жүргізіледі», - делінген хабарламада.

Ал жұмысын уақытша тоқтататын интернет-ресурстарының тізімі мынадай:

  1. «Электрондық үкімет» порталы;
  2. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі;
  3. «Электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі;
  4. «Мобильді үкімет» қосымшасы;
  5. «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;
  6. «Техбайқау» міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі;
  7. «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры;
  8. «Тауарларды таңбалау» сервистік бағдарламалық өнімі»;
  9. «Монополист» базасы сервистік бағдарламалық өнімі;
  10. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сайты;
  11. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің сайты;
  12. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайты; 
  13. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сайты;
  14. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің сайты;
  15. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайты;
  16. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты;
  17. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің сайты;
  18. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Сайты.
  19. Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының сайты;
  20. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты.
А. Қажиев