Бүгін Science Stars байқауының ақтық ойыны өтеді

Бүгін Science Stars байқауының ақтық ойыны өтеді

2 наурыз күні Назарбаев Университетінде Astana Science Festival шеңберінде Science Stars ғылыми коммуникация байқауының финалы өтеді. «Жастар жылының» аясында өтіп жатқан байқауға ғылыммен әуестенетін мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысады.

Science Stars финалында қатысушылар үш минуттың ішінде ғылыми факт, құбылыс немесе жаңалық туралы қызықты әрі қарапайым түрде айтып беруге тиіс. Байқау жеңімпаздарына жүлделер табыс етіледі.

Science Stars байқауының  ақтық мәресіне шыққан қатысушылар мынадай тақырыпта сөйлейді.

1) Мария Кононцева, Қостанай, НЗМ – Қатерлі ісікке қарсы наноботтар
2) Жәмила Медетқызы, Астана, НЗМ – Антибиотик ақырзаманы
3) Нұрсат Өмірбеков, Астана, НЗМ – Нейродегенеративті аурулар
4) Өмірзақ Асылбек, Астана, НЗМ – Ойындар теориясы
5) Бейсенбек Рахат, Шымкент, НЗМ – Ақпаратты қалай есте аламыз?
6) Никита Дурнев, Астана, №59 – Радионуклидті технология және протондық емдеу
7) Санжар Қуандық, Астана, НЗМ – Гамма сәулелері
8) Даниял Мұңайтбасов, Астана, №79 – Қыл шектер теориясы
9) Әнел Есбергенова, Атырау, НЗМ – Ми
10) Камила Шиптенко, Ерейментау, №2 – Хаос теориясы 

Ақтық ойынды өткізу барысында сайыстан бөлек оқушылар мен студенттерге ғылыми жобалар көрмесі ұйымдастырылады. Science Stars байқауы дарынды жас ғалымдарды анықтауға көмектеседі және олардың коммуникациялық дағдыларын дамытуына, жұртшылыққа ғылыми тұжырымдамаларды қарапайым тілмен түсіндіруіне ықпал етеді. Қазақстанда Science Stars конкурсын British Council (Британдық Кеңес) ұйымы «Шеврон» компаниясымен және «Ғылым қоры» АҚ-мен бірлесе отырып ұйымдастырған. Еске сала кетейік, конкурсқа қатысу үшін оқушылар мен студенттер өтінімдері 11 қаңтарға дейін қабылданды.





ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

RaiM – Baila