"Отанды сүю - иманнан" атты жас термешілер байқауы өтті

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани  жаңғыру" идеясын жүзеге асыру мақсатында "Шымкент медресе" колледжінің бастамасымен Шымкент қаласы "Жастар Ресурсы Орталығы" сарайында  "Отанды сүю - иманнан" атты жас термешілер арасында байқау өткізілді.

Қазақстан мұсылмандары дін басқармасының Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тұңғыш рет ұйымдастырылған шараға Өкіл имам Бақтыбай қажы Қыдырбайұлының құттықтау сөзін жеткізуге өкіл имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров қатысып, барша қатысушыларға сәттілік тілеп, "Шымкент" медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай алғыс білдірді.

Аталмыш байқау алдын іріктеу жарыстары ұйымдастырылып, нәтижесінде ақтық сынға 12 жас термеші қатысты.

Байқауға жұмысына облыстық және қалалық білім басқармасы, "Саз" колледжі, қалалық Шәмші Қалдаяқов атындағы филармонияның өкілдері әділқазылық етті. Бірінен бірі озған, кіл мықты үміткерлердің сахнадағы өнері жиналғандарды таң-тамаша етті.

Ұлтық рухты асқақтатқан аталмыш жобада бірінші орынды Сынабай Қылышбек жеңіп алды. Екінші орынды Арыстан Рүстем иеленді. Үшінші орынға Тұрғанбек Жұлдызай мен Жуасбек Нұрдаулет ие болды. "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан" үздіктерге алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Sky Sports Головкиннің ізбасарларын атады
Sky Sports Головкиннің ізбасарларын атады
Қарбызды қысқа қалай сақтаймыз?
Қарбызды қысқа қалай сақтаймыз?
Коронавирустың ұзаққа созылған ағымы
Коронавирустың ұзаққа созылған ағымы
Мариана шұңғымасына қатысты қызық деректер
Мариана шұңғымасына қатысты қызық деректер
Гаэтале – жер бетіндегі ең тұзды көл
Гаэтале – жер бетіндегі ең тұзды көл
Сингапурда саламатты өмір салтын ұстайтындарға ақы төленеді
Сингапурда саламатты өмір салтын ұстайтындарға ақы төленеді