Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Астана туралы кітаптағы жұмбақты тапқан адам 30 000 доллар сыйақы алады

Астана туралы кітаптағы жұмбақты тапқан адам 30 000 доллар сыйақы алады

Астана туралы кітаптағы жұмбақты тапқан адам 30 000 доллар сыйақы алады

Канадалық профессор, тарихшы, Кембридж университетінің докторы, құпия қоғамдардың архитектурасы бойынша белгілі сарапшы, өз елінде «Канадалық Дэн Браун» деп танылып кеткен Фрэнк Альбо 2017 жылы мамыр айында «Астана: сәулет, аңыз және тағдыр» атты кітабын жариялады. Бұл еңбек кейін amazon.com интернет-дүкеніндегі кітаптар сатылымы бойынша, рейтингте үздіктер қатарында болды. Енді автор өз кітабын оқып, жасырылған жұмбақтарды шеше алған адамға 30 000 доллар көлемінде сыйақы бермекші. Фрэнк Альбо елордамыз туралы білімімізді арттырып, руxани жағынан байытып қана қоймай, ақша ұтып алуға да мүмкіндік беріп отыр. Автор халыққа жолдаған видеоүндеуінде кітапты жазу үшін төрт жыл уақытын сарп еткенін айтады. Астанаға жиі-жиі келіп, әр келген сайын қаланың ерекшеліктерін зерттегенін баяндайды. Оның айтуынша, елорданы жақсы білетін, тарихымен таныс кез келген адамның кітаптағы жұмбақты шешуге мүмкіндігі бар.

Кэмбридж тарихшысы Фрэнк Альбо – сәулет өнерінің танымал сарапшысы. Алты бөлімнен тұратын оның кітабы елорданың бас жоспарынан сыр шертіп, қала сәулетіндегі негізгі ерекшеліктерді суреттейді. Астананың ғимараттарын әлемнің танымал нысандарымен салыстырған автор оқырмандарға Қазақстанның бас қаласы қысқа уақыттың ішінде өзіндік қайталанбас қолтаңбаға ие болғанын жазады.

Кітаптың «Қаһарман» атты үшінші бөлімінде Альбо Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың елорданың бой көтеруі мен оның сәулетіне қосқан үлесін, жасампаз бастамалары жайлы жазып, Қазақстан таңдаған ядролық қарусыз жолын әлем қолдағанын ерекше атап өтеді.

Автордың өзінің жеке сайтында жазған пікіріне сүйенсек, «Астана: сәулет, аңыз және тағдыр» кітабы Канаданың бестселлеріне айналып, туындының алғашқы 4500 данасы бірден таратылып кеткен.

Канада тарихшысының кітабында ұсынылған ғимараттар қатарында Елбасы кітапханасы орналасқан Назарбаев орталығы да бар. Ол туралы автор: "Ғылым, мәдениет, саясат және экономика салаларындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелерін ілгерілетуге арналған гуманитарлық және білім беру мекемесі ұлттық патриотизм мен азаматтық біртектілікті нығайту мақсатында құрылған. Қазақ мемлекеттілігі мен этнографиясының тарихын ескерсек, әлемдік қауымдастықтан Қазақстанның алар орнын көрсетуде бұл мекеме маңызды халықаралық рөл атқарады. Өзгелерге қарағанда бұл ғимарат ұлтаралық келісім мен тұрақты дамудың жиынтығы, жалпы ұлттық рух пен оны әлемге танытудың озық үлгісі" деп жазады.

7
Рейтинг: +2

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: presidentlibrary.kz
Қосылған күні: 10 тамыз, 17:03
Пікірлер
+0
11 тамыз, 15:56

Ассалаумағалейкум!
Ел Ордамыз Астана тұралы кітаптағы жұмбақ тұралы кімнен мағлұмат алсақ болады?

+0
12 тамыз, 01:17

Жұмбақ тек кітап ішінде болса керек

+0
12 тамыз, 16:01

Кітаптың толық аты қандай және кітапты қайдан алсақ болады?
Раxмет

+0
11 тамыз, 15:59

Ойын шарты қандай, жұмбақтың жауабын кімге, қайда жіберу керек.
РАХМЕТ

+0
12 тамыз, 01:19

Шарт қарапайым – кітапты оқып жұмбақты шешу, жауабын ҚР Президентінің Телерадиокешенінің Фейсбуктегі парақшасына жіберуге болады

+0
12 тамыз, 08:14

Қайырлы таң Қазақ Елі!
Жұмбақтың жауабын табу әлі жалғасуда ма?
Фейсбук парақшасының сілтемесін бересіз бе?

+0
12 тамыз, 16:04

https://www.facebook.com/trkprezidentark/

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.