Қорғаныс министрлігінде лауазымды тұлғалармен әдістемелік-нұсқау беру жиыны өтті

Қорғаныс министрлігінде лауазымды тұлғалармен әдістемелік-нұсқау беру жиыны өтті
Фото: mod.gov.kz

Елордада Әкімшілік департаментінің бастығы полковник Раушанбек Әбілдевтің бастамасымен әдістемелік-нұсқау беру сабағы өтті.

Атаулы шараның мақсаты, жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің мәліметтерін есепке алуға жауапты қызметкерлерге әдістемелік сабақ өткізу. Сонымен қатар, №1-АӨ есебіне заңды және жеке тұлғалардың өтініштері туралы есепке алу мәліметтерін бірыңғай құру, лауазымды тұлғаларға оларды құру барысындағы әрекет ету алгоритмін жеткізу.

Полковник Раушанбек Әбілдаев жиын барысында бірқатар маңызды мәселелерді бір жолға қою керектігін еске салды.

«Азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимыл жасаудың маңызды үлгісі болып келеді. Себебі, өтініштерге ден қою нәтижелері бойынша жалпы, министрліктің мемлекеттік тетігі қызметінің сапасы бағаланады, әрбір азаматтың сенімділігінің беріктігі сыналады. Осы сенімнің дәрежесі жеке және заңды тұлғалардың мәліметтерін есепке алуды енгізуге жауапты лауазымды адамдарға тікелей байланысты»,– деді ҚМ Әкімшілік департаментінің басшысы.

Еске сала кетейік, Қорғаныс министрлігінің Әкімшілік департаменті жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмыстарды ретке келтіретін құрылымдық бөлімше болып есептеледі.

А. Қажиев