Майк Тайсон, Ник Вуйчич Алматыда бас қосады

2017 жылдың 1-2 желтоқсан күндері Алматы қаласында халықаралық «Synergy global forum» атты форумы өтеді. 

Форумның мақсаты кәсіпті жаңадан бастаған, кәсіптің айналасында жүрген кәсіпкерлермен қарапайым азаматтарды алға жетелеу. Оларға ерік-жігер беру арқылы ойларын дамыту, жетілдіру. Түрлі саланың мамандарына қалай жұмыс жасау керектігі, адамдармен қарым-қатынас орнату, жетістікке жетудің қыр-сыры туралы алыс-жақын елден келген спикерлер лекция оқитын болады.

Форумның басты спикерлерімен таныс болыңыз: 

Меценат, жазушы және әнші, сөз шебері, көптеген мотивациялық кітаптардың авторы – Ник Вуйчич. 

Бокс әлемінің қаһарманы, әлем чемпионы, «IRON MIKE Promotion» компаниясының негізін салушы – Майк Тайсон

Арнайы қонақ ретінде журналист, тележүргізуші, режиссер – Леонид Парфенов. 

Белгілі экономист, көптеген кәсіпкерлікке арналған кітаптардың авторы – Кьелл Нордстрем.

Сату және қарым-қатынас тілінің зерттеушісі, дене тілі туралы кітаптардың авторы – Аллан Пиз. 

Халықаралық деңгейдегі стратегиялық маркетинг саласының маманы – Гарретт Джонстон. 

Психолог, «MIDN WAP» теориясының авторы – Тони Бьюзен 

Отандасымыз, Қазақстандағы «Синергия» бизнес мектебінің директоры – Гүлнәр Ғұмарова.