Twitter желісі хат жолдаудағы символдар санын көбейтті

Твиттер әлеуметтік желісі хат жолдаудағы символдар санын көбейтті. Желідегі микроблог қызметі екі есе өсті. Яғни символдар саны 280-ге дейін жетті. Бұл жөнінде компания директоры Джек Дорси өзінің ресми парақшасында жазды. 

Бұрын хабарламалардағы символдар саны 140 символ ғана еді. Осы жылдың қыркүйек айында твиттер мамандары 280 символ көлеміндегі хабарламаны орналастыруға мүмкіндік беретін жаңа функцияны сынақтан өткізуді бастаған болатын. 

Бұл жаңалық жапон, қытай, корей тілдеріне қолданылмайды, өйткені бұл тілдер онсыз да ойды аз ғана символмен білдіру мүмкіндігіне ие.

2006 жылы құрылған Twitter-ді бүкіл дүние жүзінде 320 млн-ға жуық адам белсенді пайдаланады. Бұл көрсеткішімен ол интернеттегі танымал ресурстардың қатарынан көрініп отыр.