Бүгін – төртінші биліктің төл мерекесі

Бүгін – төртінші биліктің төл мерекесі
Фото: worldwide.chat

28 маусым еліміздегі oтандық БАҚ өкілдерінің, журналистердің төл мерекесі. Барша тілшілер қауымын бүгінгі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.  

Журналист деген кім, ол немен айналысады?

Журналист – қоғамдағы билік пен халықты, халық пен халықты табыстырушы, жалғастырушы, олардың арасында ақпараттық кеңістікті біріктіруші маман.

Журналист үнемі ізденіс үстінде болатын, түрлі қауіпті жағдайларға бара отырып, халыққа әрбір дүниенің ақиқатын көрсетуші адам. Олар түрлі мерекелік шаралардың, жаңалықтардың, төтенше жағдайлар мен қуаныштардың ортасында болады. Қоғамдағы әрбір жеке тұлғамен байланысқа түсе алатын, көп зерттеу мен талдауды негіз етуші білікті мамандар. Бүгінде олардың төртінші билік өкілдері деп те атайды.

Журналист болудың артықшылығы мен кемшілігі

Артықшылығы:

Өте қызық әрі шығармашылыққа бастайтын сала.

Түрлі тұлғалармен тікелей ақпараттық қарым-қатынасқа түсіп, қызық дерек жинаушылар.

Әлемді кезушілер.

Өмірге екі жақты қарай алатын мамандар.

Әрдайым назарда болатын адамдар.

Ең кереметі осы салада жүріп жұлдыз болып кетуге болады.

Кемшілігі:

Тұрақты әрі белгілі бір уақытқа жұмыс жасамайды.

Қауіпті жағдайларға тап болуы мүмкін. Тіпті жиі.

Күйзеліске әкелетін ең ауыр мамандық.

Журналистер қанша табады?

Бұл негізінен олардың ұзақ жыл немесе қарқынды жұмыс істеу нәтижелеріне байланысты. Жалпы әлемде журналистиканы бастаушы топ 300-400 доллар көлемінде айлық алады. Ал білікті дегендері 1000 доллардан жоғары кете береді.

Халық пен билік арасындағы алтын көпір атанған журналистердің жұмыстарына табыс тілейміз!

М. Ақан