Универсиада кезінде туристер үшін бірқатар мәдени шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр

Универсиада кезінде туристер үшін бірқатар мәдени шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр
Фото: mid.gov.kz

ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Игалиев Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс  Қасымбектің тапсырмасы аясында ХХVIII Бүкіләлемдік қысқы Универсиада-2017 кезінде туристік сапарлар ұйымдастыру мәселелері бойынша Алматыда бірқатар кездесулер өткізді, - деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Универсиада – Халықаралық студенттер спорты федерациясы (FISU) аясында студенттер арасында өтетін халықаралық спорт жарысы. 2017 жылы 29 қаңтар-8 ақпан аралығында өтетін Универсиада кезінде спорттың 12 түрінен 86 медаль сарапқа салынады. Жарысқа 55-тен  аса елден 2000 спортшы қатысады. Универсиадаға барлығы 3000 волонтер тартылады.

Сондай-ақ, Марат Игалиев Универсиаданы ұйымдастыру және өткізу жөніндегі дирекцияның бас ғимаратында болды. Кездесуде Қазақстанның туристік қауымдастығымен бірге ел аймақтарында Универсиаданың Құрметті елшілері және ресми өкілдерінің қатысуымен роуд-шоу ұйымдастыру келісілді.

Алматыда Қысқы Универсиада кезінде туристер үшін бірқатар мәдени шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Көптеген арнайы бағдарламалар әзірленуде (эстафета алауы салтанаты, классика, джаз және эстрадалық музыка концерттері, жұмыс орындары жәрмеңкесі, ЖОО таныстырылымы және т.б). Спорттық және мәдени бағдарламалар мен билеттер сатып алу бойынша туралы толық ақпаратты www.almaty2017.kz  сайтынан қарай аласыз.

T. Кіршібаев