Астанада көлік инфрақұрылымы табысты жаңғыртылуда

Астанада көлік инфрақұрылымы табысты жаңғыртылуда
Фото: tengrinews.kz

Қазақстан елордасында жыл басынан бері аялдама павильондары орнатылып, электрондық жолақы төлеу жүйесі мен жүктемесі көп бірқатар көшеде бір бағытты қозғалыс енгізілді, қоғамдық көлік үшін жолақтар бөлінді, - деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігі.

2016 жылы Астанада 45 аялдама павильоны орнатылды, 55 дана көлемінде «Жабық типтегі аялдама павильондарының құрылысы» жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілді, 5 бағдаршамдық нысан орнатылды.

Сондай-ақ, қалада электрондық жолақы төлеу жүйесі (ЭЖТЖ): 4 қазаннан бастап ЭЖТЖ экспресс-бағыттарда, ал 9 қарашадан қалалық бағыттарда енгізілді.

Сондай-ақ, қаланың көше-жол желісіне жүктемені төмендету мақсатымен жеті көшеде бір бағытты қозғалыс енгізілді.

«Жоба енгізілгеннен кейін көлік ағынының орташа қозғалыс жылдамдығы 30%-ға дейін артты, жол қиылыстарында іркілу уақыты 78-ден 40 секундқа дейін қысқарды, ал көлік құралдарының қарқындылығы 20%-ға артты», - деп атап көрсетті Көлік басқармасындағылар.

Сонымен қатар, 2016 жылы елорданың көлік инфрақұрылымын жаңғырту шеңберінде қоғамдық көліктер үшін жеке жолақ - Bus lane бөлу бойынша жұмыс басталды. Жыл басынан бері қаланың қозғалысы тығыз бес көшесінде жалпы ұзындығы 38,4 км болатын жеке жолақтар пайда болды. Сондай-ақ, ITS екінші кезегін іске асыру бойынша жұмыстар басталды, 54 жол қиылысын автоматтандыру қарастырылған.

2016 жылы Железнодорожный, Промышленный тұрғын алаптарына, Қобыланды батыр көшесімен қоғамдық көлік жүре бастады.

T. Кіршібаев