Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері талқыланды

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері талқыланды
Фото: glavplakat.ru

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы қоғамдық институттардың рөлі» тақырыбында республикалық конференция болып өтті. Бұл туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, жастар ұйымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың және БАҚ өкілдері, сондай-ақ дін істері  және діни сенім бостандығы мәселелері бойынша танымал сарапшылар, ғалымдар мен дінтанушылар қатысты.

Конференцияның  мақсаты – діни экстремизм мен терроризмге қ іс-қимыл жасау мәселелерін шешуде, дінді ұстанатын азаматтардың белгілі бір бөлігінің көзқарастарының радикалдануына әсер ететін себептер мен жағдайларды айқындауда, мұндай қоғамға жат құбылыстарға қарсы іс-қимыл жасаудың жаңа нысандары мен әдіс-тәсілдерін тұжырымдауда үкіметтік емес ұйымдарды біріктіру.

Конференцияда жастарға дәстүрлі құндылықтарды сіңірудегі қоғамдық институттардың атқарар рөлі мен жауапкершілігіне баса назар аударылды.

Бұл ретте оларды жат идеологиялық ықпалдардан қорғау мәселелеріне, қоғамдық қатынастардың үйлестірушісі ретінде мемлекеттің ғана емес, профилактикалық жұмыс жүргізуде қоғамның барлық оң күштерінің  рөлінің маңыздылығына ерекше ден қойылды.

Конференцияға қатысушылар дінді ұстанатын азаматтардың белгілі бір бөлігінің көзқарастарының радикалдануына әсер ететін проблемаларды талқылап, бірқатар нақты шаралар ұсынды. Осы ұсыныстар негізінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда қоғамдық институттардың рөлін арттыру бойынша ұсынымдар тұжырымдалатын болады.

T. Кіршібаев