Ұлттық ұлан қызметшілері ағылшын тілінің тілдесу мәдениетін меңгерді

Ұлттық ұлан қызметшілері ағылшын тілінің тілдесу мәдениетін меңгерді
Фото: Айдос Байшағыров

Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5571 әскери бөлімінде Алматы қаласында өтетін 28-ші қысқы Универсиада кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін келісімшарт әскери қызметшілері мен мерзімді қызмет сарбаздарына Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушылары мен магистранттары ағылшын тілінен курстар өткізді.

Өткізілген курстардың мақсаты – әскери қызметшілерді ағылшын тілінің қарапайым  қарым-қатынас  тіліне үйрету болып табылды. Өйткені 2017 жылдың қаңтар-ақпан айларында Алматы қаласында өтетін 28-ші қысқы Универсиада ойындарына әлем елдерінен көптеген туристтер келеді деп жоспарлануда. Сол туристтердің қала ішінде адасып кетпеуі және оларға белгілі бір бағытты көрсете білуі үшін Ұлттық ұланның әскери қызметшілері ағылшын тілінің тілдесу мәдениетін меңгерді. 

Айта кетейік, Алматы қаласында 2017 жылғы қаңтар-ақпан айларында  өткізілгелі отырған 28-ші қысқы Универсиада кезінде мыңнан аса Ұлттық ұлан жауынгерлері қоғамдық тәртіп пен ел тыныштығын күзететін болады.

Айдос Байшағыров

О. Сансызбай