Елбасы Жапонияның бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берді

Елбасы Жапонияның бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берді
Фото: akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев NHK телерадио хабарлар тарату корпорациясы мен «Киодо Цусин» ақпарат агенттігіне сұхбат берді, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында Қазақстан Президенті еліміздің ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласындағы жұмсаған күш-жігеріне байланысты сауалдарға жауап беріп, ядролық арсеналдан бас тарту туралы шешім қабылдауға әсер еткен себептер жөнінде айтты.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстан мен Жапонияның өзара іс-қимылының, соның ішінде ядролық қарусыздану саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын атап өтті.

Бұдан бөлек, Елбасы өңірлік геосаяси үдерістегі республикамыздың рөлі және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы әңгімеледі.

NHK телерадио хабарлар тарату корпорациясы мен «Киодо Цусин» ақпарат агенттігі Жапониядағы және жаһандық ақпарат кеңістігіндегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдары болып саналады.

T. Кіршібаев