Қуандық Бишімбаев «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады

Қуандық Бишімбаев «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады
Фото: economy.gov.kz

Бүгін Астанада ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз-қызметі хабарлады.

Бейнеконференцбайланыс арқылы Қостанай облысы және Алматы қаласының тұрғындарымен сөйлесті, олар Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің аумақтық органдарының іс-әрекеттеріне шағымданды және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» бағытына қатысушылардың жас мөлшерін ұлғайтуға қатысты ұсыныстар айтты.

Қуандық Бишімбаевтың Астана қалаларының тұрғындарымен өткізген кездесуі барысында  тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру, ауыз суды химиялық тәсілмен тазарту және жеке сұрақтар бойынша ұсыныстар айтылды.

Айталық, Есіл балалар үйінің тәрбиеленушісі Асхат Кушеров министрге балалар үйінің түлектеріне мемлекеттік түрғын үй алу кезегіне тұру үшін Астана және Алматы қалаларындағы үш жыл тіркеуде болу нормасын алып тастау өтінішімен жүгінді.

Министр барлық азаматтарды мұқият тыңдады және Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне өтінішпен жүгінушілердің мәселелерін шешу бойынша барлық қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

T. Кіршібаев