Асқар Мамин Астана-Теміртау автомобиль жолының қайта жаңарту жұмыстарын тексерді

Асқар Мамин Астана-Теміртау автомобиль жолының қайта жаңарту жұмыстарын тексерді
Фото: karaganda-region.gov.kz

ҚР Премьер министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапары барысында «Орталық-Оңтүстік» автомобиль дәлізінің Астана – Теміртау бөлігіндегі қайта жаңарту жұмыстарының барысымен таныстыру мақсатында жиналыс өткізді. Жоба «Нұрлы жол» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталында жарияланды.

«Орталық - Оңтүстік» дәлізіне кіретін жаңа Астана - Теміртау тасжолының жалпы ұзындығы 171 шақырым. Қазіргі уақытта жолдың қайта жаңарту жұмыстары аяқталуда. Жылдың қорытындысы бойынша Астадан Теміртауға дейін аралықтағы жол қозғалысы4 жолақ бойынша толық ашылуы жоспарлануда.

Жол жобалау жылдамдығы 140 км/сағ. болатын I – техникалық санатты стандарттарға сәйкестендіріліп салынуда.

Жолдың қайта жаңарту жұмыстары тәулігіге 6000 көліктен 28000 көлікке дейін өткізу мүмкіндігін арттырады.

Жүргізушілерге ыңғайлы жағдай жасау мақсатында Аршалы ауылы және Ошағанды ауылында жол бойындағы жылыту қызметін көрсететін 2 тұрақ салу жоспарлануда.

Жұмыс алаңдарында 2000 астам жұмысшы және 1200-ге жуық техникалық жабдық тартылған.Жолды жаңарту жұмыстары барысында қолданылатын материалдардың 85%-ы Қазақстан өндірісінің өнімі болып табылады.

Жиналысты қорытындылай келе, ҚР Премьер министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин «ҚазАвтоЖол» компаниясына нақты тапсырмалар берді, оның ішінде халыққа жайлы және қауіпсіз қатынас қамтамасыз ету үшін жолдарды қайта жаңарту бойынша жұмыстарды уақытылы аяқтау және атқарылған жұмыс сапасына назар аудару керектігін айтты.

T. Кіршібаев