Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті
Фото: adilet.gov.kz

Бүгін Әділет министрі Марат Бекетаевтың басшылығымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өткізілді. Отырыс жұмысына мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор және бизнес өкілдері қатысты. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Отырыс барысында 3 заң жобасының тұжырымдамасы қарастырылды:

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік кедергілерді жою мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші – Парламент Мәжілісінің депутаттары, баяндамашы – Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов).

«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші – Парламент Сенатының депутаттары, Сенат депутаты - Георгий Ким).

«ҚР тұрғын-үй мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңжобасының күшін жою.

Қалыптасқан дәстүр бойынша баяндамашылар журналистердің сауалдарына толық жауап берді.

T. Кіршібаев