«Мәңгiлiк Ел» патриоттық актісінің орындау туралы іс-шаралар жоспары әзірленді

«Мәңгiлiк Ел» патриоттық актісінің орындау туралы іс-шаралар жоспары әзірленді
Фото: edu.gov.kz

«Мәңгiлiк Ел» жалпы ұлттық идеяларын іске асыруды әдістемелік қолдауға қатысты 2016-2019 жылдарға арналған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің негіздерін білім беру ұйымдарының тәрбиелеу бағдарламаларына енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сайтында жарияланды. 

Жоспарды іске асыру шеңберінде 2016 жылғы 16-17 тамызда білім беру қызметкерлерінің «Білімді ел – мәңгі ел!» дәстүрлі Республикалық тамыз кеңесі өткізіліп, оған елдің барлық өңірлерінен 1 700 қатысушы мен онлайн режимінде 858 мың педагог қатысты.

Қазақстан Республикасы білім беру қызметкерлерінің «Білімді ел – мәңгі ел!» дәстүрлі Республикалық тамыз кеңесінің аясында:

– Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының, облыс әкімдері орынбасарларының, білім басқармалары басшылары мен орынбасарларының, мектептер мен колледждер директорларының, ҚР ҚХА өкілдерінің, «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің, «Жас ұлан, «Жас Қыран» БЖЖББ», «Атамекен» КҰП, ҒӨБ; БАҚ өкілдерінің қатысуымен білім беру ұйымдарының тәрбиелеу бағдарламаларына «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеяларының құндылықтық негіздері;

– балалардың жалпы орта, арнайы, қосымша білім беру ұйымдары басшыларының, жеке және халықаралық мектептер педагогтарының, ата-аналар қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеяларының тұрғысында балаларға қосымша білім беру» панельдік сессиялары өткізілді.

2016-2017 жылдарға арналған «Жастар» ҒЗО негізінде Қазақстан халық Ассамблеясымен және Қазақстандық құндылықтарды зерттеу орталығымен бірлескен жұмыс жоспары әзірленді.

Республикалық ведомстволық бағыныстағы ұйымдармен, Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханамен, Отбасылық тәрбиелеу институтымен бірлесе отырып, 5 әдістемелік құрал және «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін түсіндіру бойынша ұсынымдар әзірленді.

2016 жылғы маусымда «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы» АҚ міндетті дәрістер әзірледі және барлық біліктілікті арттыру курстарына енгізілді.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында ғылымды оқытудың ерекшеліктері туралы» нұсқамалық-әдістемелік хат әзірледі, оған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі енгізілді. Барлық жоғарыда аталған әдістемелік материалдар әрбір білім беру ұйымы мен әрбір педагогтьің назарына ұсынылды.

Тәрбиелеудің тұжырымдамалық негіздері әзірленіп, бекітілді. Қазіргі уақытта «Мәңгілік Ел» Жалпыұлттық патриоттық идеяларының» жеке тарауын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында оқу процесіне АКТ пайдалану жандандырылуда, бұл балалардың оқуға қызығушылығын арттырады, мұғалімдер жұмысының тиімділігін көтереді. Жиынтығында экран, проектор мен компьютер бар интерактивті қондырғымен техникалық жарақтау 2016 жылдан басталады.

3 жыл ішінде жергілікті атқарушы органдардың күшімен мектептерге 50 мың компьютер жеткізілді. Бірінші кезекте ауыл мектептері, ШЖМ, интернаттары бар мектептер қамтамасыз етілді.

Қондырғының жиынтығына ақпарат көзі ретінде, сондай-ақ ЦБР – цифрлық білім ресурстары кіреді. 3 тілде «BilimLand» интерактивті білім беру тұғырнамасының контенті әзірленді. Контентке «Мәңгілік Ел» патриоттық идеяларының негізінде 2016 жылы жасалған 30 бейнеролик кірді.

Тәрбиелеу шараларын өткізуге қатысты жұмыстар. Назарбаев Зияткерлік мектептерінде әртүрлі жастағы оқушылардың өзара қарым-қатынасын және үлкен балалалардың, кіші балаларға қамқорлығын нығайту мақсатында «Шаңырақ» мектеп қауымдастығы құрылды. Қауымдастық оқушыларға ұжымдағы командалық рухты сезінуге мүмкіндік береді, оған әртүрлі жастағы екі сынып біріктірілген (12 және 9, 11 және 8, 10 және 7).  «Шаңырақтың» әрбір бірлестігінің өз ерекшелік белгілері - нышаны, ұраны, түсі бар және оларды жетекші үйлестіреді.

Астана мен Шымкент қалаларында 2 Назарбаев Зиткерлік мектебінің тәжірибесін тарату аясында «Шаңырақ» мектеп қоғамдастығы бойынша республика мектептері мұғалімдерінің республикалық семинарлары ұйымдастырылды.

Үстіміздегі жылы республика мектептері үшін «Менің отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық отрядтарының республикалық слеті, жас өлкетанушылардың, экологтар мен натуралистердің  «ЭКСПО-2017» форумы, мектептер, колледждер арасында «Ұлы Дала Елі» және оқушылар мен мұғалімдердің геральдика мен мемлекеттілік нышандарын білу деңгейі бойынша «Көк байрағым» республикалық қашықтық конкурстары өткізілді.

Жазғы каникул кезінде «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында республиканың барлық облыстарынан 300 баланы қамтыған «Жас қазақстандық патриоттар академиясы» өз жұмысын бастады.

2016 жылдың 1 қыркүйегінде «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің аясында республиканың барлық білім беру ұйымдарында «Мен – өз елімнің патриотымын» Бірыңғай Білім сабағы өткізіледі. Сабақты өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар өңірлерге жіберілді.

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеялары құндылықтарын жаңарған мазмұндағы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларына енгізуге қатысты.

«Мәңгілік ел» идеялары академиялық сабақтар, зерттеу және сабақтан тысқары қызметтер, қосымша білім беру, элективті курстар арқылы мектеп бағдарламаларына енгізілетін болады.

«Оқу үдерісін ұйымдастыруға педагогикалық ұстанымдар» 3-тарауында бастауыш білім беру деңгейінде 1-4 сыныптарға арналған Орыс тілі» (орыс тілінде оқытылмайтын), «Жаратылыстану», «Әлемді тану, «Музыка», «Көркемдік еңбек», «Дене шынықтыру» пәндері бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына «Мәңгілік Ел» идеяларының құндылықтары енгізілді. («Орта білім беру құндылықтарының идеялық негіздері «Мәңгілік ел» Ұлттық идеяларының құндылықтары болып табылады. Орта білім беру құндылықтары болып: қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік; сыйластық; ынтымақтастық; еңбек пен шығармашылық; ашықтық, бүкіл өмір бойындағы білім анықталды»).

Сонымен қатар, оқыту мақсатының арасында бастауыш білім деңгейінде 1-4 сыныптар үшін «Әлемді тану» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасында  – Қазақстанның ресми емес рәміздерінің («Алтын адам», «Бәйтерек» монументтері, «Мәңгілік ел» Салтанатты аркасы) мағыналарына түсініктеме беріледі.

Осындай жұмыстар негізгі және жоғарғы мектептердің Үлгілік оқу бағдарламаларымен де жүргізілуде.

2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Мәңгілік Ел» патриоттық идеяларының құндылықтары 1-сыныптағы білімнің жаңарған мазмұндағы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларына, 2017 жылы - 2, 5, 7-сыныпытардың, 2018 жылы - 3, 6, 8 10-сыныптардың, 2019 жылы - 4, 9,11,12-сыныптардың білім беретін оқу бағдарламаларына енгізіледі. Негізге алатын құжат ретінде бастауыш білім берудің жалпыға міндетті білім беру стандарты оқу процесіне барлық қатысушылардың қызметін реттейтін болады.

T. Кіршібаев